КТА жарысының мақсаты-оқушыларды ізденуге, командамен жұмыс жасауға, бос уақытын тиімді пайдалануға баулу, қызықты әзілдерді ойнау арқылы өнерге қызығушылығын арттыру.
Бүгін мектеп-лицейімізде 7-9 сыныптар арасында «Көңілді тапқырлар алаңы» әзіл кеші ұйымдастырылды. Сайысқа «Демал», «Аласалар», «07 аймақ», «Тәрбиелі бұзықтар», «F4», «Дарабоз», «Ласточки», «Фри фаер», «Серілер», «Башқұрт» командалары қатысты.
«Көңілділер мен тапқырлар алаңы» сайысы үш кезеңнен тұрды.
1-кезең «Сәлемдесу». Бұл кезеңде қатысушылар өз тобын әзіл мен өнерді ұштастыра отырып таныстырып өтті.
2-кезең – «Жанбату». Бұл кезеңде командалардан бір ойыншы шығып қызықты әзілдермен көрермендерді шаттыққа бөледі.
3-кезең – «Сұрақ-жауап». Бұл кезеңде барлық қатысушылар ортаға шақырылып, сұрақтарға әзіл арқылы жауап берді.
Жалпы сайыстың қорытындысы бойынша, бас жүлдені 9 «ә» сыныбының «Фри фаер» командасы, I орынды 7 «ә» сынып оқушыларынан құралған «Аласалар» командасы, II орынды 9 «а» сынып оқушыларынан құралған «Ласточки» командасы, III орынды 7 «в» сынып оқушыларынан құралған «Тәрбиелі бұзықтар» командасы, «Үздік ойыншы» аталымын Амангелді Дінмұхаммед иеленіп, «Башқұрт» командасы алғыс хатпен марапатталды,
Ойы жүйрік, табан асты тапқыр оқушылардың шығармашылығын шыңдайтын «Көңілді тапқырлар алаңы» әзіл кеші қызықты да, тартысты өтті.