Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, қазақ әдебиетінің ірі өкілі Қадыр Мырза Әлінің өлеңдерін насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, көркемсөз оқу шеберлігін дамыту мақсатында жалпы білім беретін орта мектептерінің 5-11 сынып оқушылары арасында 24 ақпан күні қалалық Х Қадыр оқулары оздырылды.
«Сөзім барда - өзім бар» бөлімі бойынша сөз зергері - Қадыр ақынның шығармаларын нақышына келтіріп, жатқа оқыған мектеп-лицейіміздің 8 «Б» сынып оқушысы Серік Нұрдәулет І орынды қанжығасына байлады. Пән мұғалімі: С.У.Нурсапина. «Өлең жаздым тоғыз тарау, жеті өрім» бөлімі бойынша бақ сынаған жас ақынымыз 5 «А» сынып оқушысы Артурова Ару ІІІ орынға ие болды. Пән мұғалімі: Г.Е.Куанышкалиева.
Оқушыларды және пән мұғалімдерін жетістіктерімен құттықтай отырып, облыстық кезеңде қала мектептерінің намысын қорғайтын Серік Нұрдәулетке сәттілік тілейміз!