8(7112) 22-85-97

«Әлемдік білім берудің жаңа тренді - STEAM» тақырыбындағы математика, физика, информатика пәндері апталығының ашылуы

28 ақпан күні  математика, физика, информатика пәндері  апталығының ашылуы өтті. Ашылу салтанатында нақты ғылымдар атасы атанған ғалымдар қатысып,   математика, информатика, физика  ғылымдарына қатысты пікірлерін білдірді.

Жаңа технологияларды, ғылыми инновацияларды, математикалық үлгілеуді дамытуға бағытталған STEM элементтерін тәжірибеде көрсету, оқушылардың білу және істей алу қабілетін, өнертапқыш шешімдерін, зерттеушілік қызметтерін дамыту мақсатында өтетін апталықтың таңы мектеп оқушыларын көтеріңкі көңіл-күймен қарсылап алған аниматормен басталды. Апталықтың ашылуына нақты ғылымдар атасы атанған түркі ойшылдарының ең атақтысы- Әл-Фараби, теоретик физик - Альберт Эйнштейн, Microsoft Corporation компаниясының негізін қалаушысы - Билл Гейтс кейпіне енген оқушылар ғылым туралы пікірлерін білдіріп, өз ақыл-кеңестерін ұсынды.

Апта бойы өтетін іс-шаралар реті таныстырылды.  Оқушылар мен ұстаздар қауымын нақты ғылымдардың  ғажайып әлеміне  белсенділікпен қатысуға шақырды.