28 ақпан күні математика, физика, информатика пәндері апталығы аясында 8-10 сынып оқушыларының қатысуымен «Білімділер додасы» атты интеллектуалдық сайысы оздырылды.
Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру мақсатында терең білім мен жан-жақтылықты қажет ететін «Білімділер додасы» интеллектуалдық сайысы өтті. Сайыс ережесі бойынша 8-10 сынып оқушыларынан құралған 3 топ көрермендермен бақ сынасты. Әр топтың команда капитандары сайланып, қойылған сұрақтарға топ мүшелерінің жауап беруін бақылауға алды. Әр командаға 11 сұрақ қойылып, ойлануға 20 секунд уақыт берілді. Тартысты, қызықты өткен шараға қатысушылар мен көрермен тарапынан оң баға берілді. Байқау жеңімпаздарын марапаттау апталықтың жабылу салтанатында ұйымдастырылмақ.