8(7112) 22-85-97

«Алғыс айту күні» шарасы

Шуақты көктемнің алғашқы күні – алғыс айту мерекесі. Бір-бірімізге алғыс айту арқылы әрқайсысымыз жанымызда жүрген жақсы жандарға қуаныш сыйлаймыз. Әрі бір-бірімізге деген сый-құрметтің одан әрі артуына ықпал етеміз. Шуақты көктеммен бірге жеткен мерейлі мерекенің алғыстан басталуы, жақсылық пен ізгі ниеттің, ақжарма тілектің адам көңіліне жылу сыйлайтыны көңіл қуантады.

Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіретін жүректен шыққан жылы сөз. Сол себепті, бізді осы өмірге әкеліп, риясыз сезімдері мен ақ адал ниеттері үшін, ата-аналарымызға, білім нәрімен сусындатып жүрген ұстаздарымызға, мектеп ұжымына барлық оқушылар атынан көрсеткен қамқорлықтарыңызбен аялы алақан, жылы лебіздеріңіз үшін алғысымыз шексіз!

Құрметті оқушылар, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңізді ешкімнен ешқашан аямаңыздар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңыздар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңыздар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз көңілі үшін алғыс айтып жүріңіздер!