8(7112) 22-85-97

“Алғыс айту парызым” әдептілік сабағы

1-наурыз Алғыс айту күніне орай 5а, 7б сыныптарында әдептілік сабағы өтті. Мақсаты: Білім алушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу .

Жақсы сөз айту, жақсылық жасау – әрбір адамның міндеті. Әрине, жылдың әр күні сыпайы болуға тырысуымыз керек. Алайда, көп жағдайда алғыс айтуды ұмытамыз немесе оған ерекше көңіл бөлмейміз.  Сол себепті өз ризашылығымызды білдіру – адамгершіліктің бір белгісі.                                       

Шара барысында оқушылар кімнің рахметке лайықты екені туралы өз пікірлерін білдірді,  бір-біріне жылы лебіздерін айтып, тәттілерін ұсынды. «Алғыс анаға», «Жақсы адамдарым» әндерін караокемен бірге айтып, тәрбие сағатынан алған әсерлерін жүрекшелерге жазып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.