8(7112) 22-85-97

«Әлемдік білім берудің жаңа тренді - STEAM» тақырыбындағы математика, физика, информатика пәндері апталығы жалғасын табуда

1 наурыз күні оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруда, әрі үзілісті тиімді өткізу мақсатында 5-7 сынып  оқушыларымен «Крест және нөл», шахмат ойындары өткізілді.  Ал 8-10 сынып оқушылары тәжірибе алаңында қызықты эксперименттерімен бөлісті. 

Математика, информатика, физика апталығы аясында  оқушылардың ойлау қабілеттерін, пәнге қызығушылығын арттыруда, үзіліс уақытын тиімді  пайдалану мақсатында мектеп оқушыларымен қызықты тапсырмалар, «Крест және нөл», шахмат ойындары және физика пәні бойынша қызықты тәжірибелер ұйымдастырылды.  Тәжірибе алаңында 8-10 сынып оқушылары жарықтың сыну заңы, тұрақты ток заңы, жылу құбылыстарына, атмосфералық қысымға байланысты қызықты эксперименттер жасау  туралы мәліметтермен бөлісіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.