Діни сауаттылық және діни экстемизмнің алдын алу іс-шараларының аясында дін істер мәселелерін зерттеу орталығының дінтанушы, теолог маманы Қуан Армат Құлымбекұлымен кездесу өтті. Кездесуге 10-сынып оқушылары қатысты
Мақсаты: Оқушылардың жалпы діни сауаттылығын арттыру, діни ағымдардың арбауынан сақтандыру, діни ағымдарды дәстүрлі діндерден қалай ажыратуға болатындығын жан-жақты түсіндіру. Сонымен қатар жас ұрпақты діни экстремизмнің алдын алу барысында атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар ету, салт-дәстүрді сақтауға, ұлттық құндылықтарды насихаттауға, отансүйгіштікке, рухани-адамгершілік пен азаматтық-құқықтық ұстанымын қалыптастыруға, бірлік пен бірегейлікке тәрбиелеу.
Балаларға қоғамдағы теріс ағымдар және қандай жолдармен адамдардың қателесетіні жөнінде ақпарат берілді. Қазіргі кезде ұялы телефонға, әлеуметтік желіге, яғни ғаламторға торға шырмалған халықтың, әсіресе жастардың діни сауатсыздығы мен білместігінен заңға қайшы келетін іс әрекеттер белең алатындығы, оның соңы қылмыстық жауапкершілікке апаратындығы туралы да айтып өтті.
Оқушылар өздерінің көкейінде жүрген әртүрлі сұрақтарын қойып, өздеріне керекті мағұлмат, рухани әсер алды.
Шара соңында мектеп әкімшілігі атынан қонаққа рахмет айтылып, кездесу мазмұнды аяқталды.