8(7112) 22-85-97

Математика, физика, информатика апталығы жалғасуда.

Математика, информатика, физика пәндері апталығы аясында 7-8 оқушыларымен математика пәнінен «ХХІ ғасырдың жас математигі» атты интеллектуалдық сайысы өткізілді.

Оқушылардың пәнге  қызығушылығын арттыру, математикалық қабілеттерін дамытуда 7-8 сынып оқушыларының арасында өткізілген интеллектуалдық жарыс тартысты өтті. Сайыс кезеңдері 4 айналымды қамтыды: «Үркер», «Таразы»,  «Темірқазық», «Ғажайып үштік».  Бірінші айналымды математикадан 10 тест берілсе, екінші айналымда алгебралық, геометриялық, логикалық бағытта есептер ұсынылды. Үшінші айналымда бес оқушыға 1 минут ішінде сұрақтар оқылып, «Ғажайып үштік» бөлімінде ұяшықтар бойынша сұрақтар таңдады. Ойын қорытындысы анықталып, жеңімпаз оқушы апталықтың жабылу салтанатында белгілі болады.