8(7112) 22-85-97

«Сұлулық пен сән, парасат пен пайым, талғам мен тәрбие-қыз ажары» семинар-тренингі

№41 мектеп -лицейінде 8-наурыз мерекесіне орай директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Иманиязова Гулдана Сайлауқызы мен мектеп тәлімгері Батенова Альбина Қобландықызының ұйымдастыруымен «Сұлулық пен сән, парасат пен пайым, талғам мен тәрбие-қыз ажары» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинарға 8-10 сынып қыз балалары қатыстырылды.

Шараның мақсаты:

  • Қыз бала тәрбиесіне назар аудара отырып, қыз баланың даналығын, даралығын сипаттап, тәрбие мазмұнындағы қыз балалардың өз көзқарастарын саралай отырып, сұлулықты, парасаттылықты, ақылдылықты, білімділікті пайымдау.
  • Сұлулықты насихаттап жүрген мамандар арқылы қыз балаларға  кәсіби бағыт-бағдар бере отырып, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.

Кездесу кешінің қонақтары: Насси Саруар – психолог, мотиватор.

Жасболат Жадыра -диетолог, Жансауле Кабдуловна - №2 Орал «Сервис» технологиялық колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен студенттері.

Шара барысында психолог Насси Сәруар қоғам өміріндегі  жасөспірім қыз балаларға қандай қолдау керектігі, өз орталарындағы ұсақ келіспеушіліктерден туатын кедергілерден өту барысы, жасөспірімдерді ынталандырудың тиімділігі туралы айтып өтті. Жасболат Жадыра дұрыс тамақтанудың адам денсаулығына пайдасымен қатар сұлу келбеттің, сындарлы сымбаттың бастамасы екенін толық түсіндірді. №2 Орал «Сервис» технологиялық колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жансауле Кабдуловна мен студенттері мектептің қыз балаларына өздерінің визажист, аспаз, стилист ретінде мамандықтарының қыр-сырын баяндай отырып, тәжірибе жүзінде көрсетті.      

Мектеп - лицейіміздің қонақтарына  «Балауса» би тобы мүшелері мен 10а сынып оқушысы Ауғанова Ботагөз өз өнерлерін тарту етіп, мектеп ұжымы атынан Алғыс хат табысталды.