8(7112) 22-85-97

Математика, физика, информатика пәндері апталығындағы роботтар мен көрмелер

Апталық аясында  оқушылардың білу және істей алу қабілетін, өнертапқыштық шешімдерін көрсетуде мектеп оқушыларымен «ROBOT PROJECT» жобасы мен  «ART  объект» математикалық көрмесі өткізілді.

«ROBOT PROJECT» робототехника үйірмесінің оқушылары робот конструкторларымен түрлі роботтар құрастырып, қазақтың ұлттық ойындары, арқан тартыс, асық ату секілді ойындарымен байланыстырды.  Әр оқушы өз жұмысын таныстырып, сұрақтарға жауап берді. Жобаға жауапты -  информатика пәні мұғалімі Э.М. Сатканова. «ART  объект» математикалық көрмесінде математика пәні мұғалімі А.Х.Батай 8-10 сыныптармен көрме ұйымдастырды.  оқушылары Ергалиева Даяна мен Ибатолла Адияның «Геометрия ғажайыбы 10 б сынып оқушылары Нығмет Әліби мен Карин Альжанның «SKYSmart», 9 а сыныбынан Оңғар Айсұлудың «Математика», 10 а сынып оқушыларының  «Стереометрия», 9 ә сынып оқушылары Шынболатова Зарина мен Искакова Аружанның  «UNIVERSE» тақырыбындағы математикалық фигуралары көрмеге қойылып, жасалу жолдары түсіндірілді.