Білім беру саясатын жүзеге асыруда мектепте оқу сабақтарына жаңа технологияларды, математикалық үлгілеуді дамытуға бағытталған STEAM – элементтерін енгізу мақсатында математика, информатика, физика пәндерінен ашық сабақтар өткізілді.
Апталық аясында математика пәні мұғалімдері Р.Б. Мукашева 9ә сыныбында «Келтіру формулалары», Г.М. Курмашева 6 а «Перпендикуляр түзулер және кесінділер», Г.Н.Капашева 11 а сыныбында «Логарифмдік функцияның туындысы», Б.А. Самарбаева 6 б сыныбында «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі», А.Х. Батай 10 ә сыныбында «Күрделі функцияның туындысы», А.Қ. Батыргалиева «Күрделі функцияның туындысы», 8 а сыныбында А.Т. Изимова «Жиілік алқабы» тақырыптарында, физика пәні мұғалімдері Г.Ш. Кажмуханова 10 а сыныбында «Электр тогының жұмысы мен қуаты», О.Қ. Орынгалиев 9 а сыныбымен «Толқындық қозғалыс», М.Т. Ахтаналиева «Электр тогының химиялық әсері» атты тақырыптарда, информатика пәні мұғалімдері Э.М. Сатканова 9 б сыныбында «Практикум. Екі өлшемді массив», Л.А. Кожахметова 6 ә сыныбында «Санды енгізу және шығару. Жоба құру» тақырыптарында өз тәжірибелерімен бөлісті. Әр мұғалім өз сабақтарында STEAM технологиясының элементтерін енгізіп, оқушылардың өздігінен білім алуына бағыттады. Сонымен қатар, белсенді оқу әдістерін тиімді таңдау арқылы оқушылардың сабақта өз мақсатына жетуіне септігін тигізді.