8(7112) 22-85-97

Математика, физика, информатика пәндері апталығының жабылуы туралы

28-ақпан-4 наурыз аралығындағы «Әлемдік білім берудің жаңа тренді - STEAM» тақырыбындағы математика, физика, информатика пәндері апталығының жабылуы өткізілді. Жабылу салтанатында апта бойы ұйымдастырған шараларға белсене қатысып, жеңімпаз атанған оқушылар марапатталды.   

Заманауи білім беру саясатын жүзеге асыру үшін мектепте оқу сабақтарына жаңа технологияларды, ғылыми инновацияларды, математикалық үлгілеуді дамытуға бағытталған STEM-элементтерін енгізу, оқушылардың білу және істей алу қабілетін, өнертапқыш шешімдерін, зерттеушілік қызметтерін тәжірибелік форматтарда көрсету, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау, ғылыми-техникалық білімді күнделікті өмірде пайдалану, белсенді қарым-қатынас құруға үйрету,  техникалық пәндерге қызығушылықты арттыру мақсатында өткізілген «Әлемдік білім берудің жаңа тренді - STEAM» тақырыбындағы математика, физика, информатика пәндері  апталығы өз мәресіне жетті. Апта бойы ұйымдастырылған «Білімділер додасы», «Физика әлемі», «RSI» ақпараттық технологиялар жобасы, «ХХІ ғасырдың жас математигі», «Математикалық спартакиада» сыныптан тыс шаралары, шахмат пен тоғызқұмалақ сайыстары, «Крест және нөл» ойындары, «ART объект», «Steam Physika» көрмесі мен «Robot Project» жобаларына белсене қатысып, жеңімпаз атанған оқушыларға дипломдар мен алғыс хаттар, сыйлықтар табыс етілді.