8(7112) 22-85-97

Республикалық «Мектептегі тарих пәні: тың тұжырымдама, ашық сана, заманауи көзқарас» тарих пәні мұғалімдерінің съезі

Солтүстік Қазақстанда Республикалық тарих пәні мұғалімдерінің съезі өтті. Съезге университет ғалымдары, тарих оқулығының авторлары, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қызметкерлері, ПШО менеджерлері, ҰТО-ның сарапшылары, облыстық әдістемелік кабинет әдіскерлері мен мектеп ұстаздары қатысты. Съезд орта мектептерде Қазақстан тарихы мен дүниежүзі тарихтарын оқытудың өзекті мәселелерін талқылап, қарар қабылдады.

2022 жылдың 3 наурызында Петропавл қаласында өткен тарих пәні мұғалімдерінің съезіне мектеп-лицейден тарих пәнінің мұғалімі, тарих магистрі, ПШО-ның штаттан тыс тренері Эльмира Орынбасаровна Орынбасарова қатыстып қайтты. Съезд жұмысына Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлы, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Бейсембаев Ғани Бектайұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Сыдықов Ерлан Бәтташұлы басқа да лауазымды тұлғалар қатысты. Бұл сьезге мектебімізден тарих пәнінің мұғалімі Орынбасарова Эльмира Орынбасаровна қатынасты.

Съезд күн тәртібіндегі орта мектепте тарих пəнін оқытуда мемлекеттік стандарт, үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік оқу бағдарламалары, оқулықтар мәселесі, тарих пəні бойынша олимпиада материалдары мен ғылыми-жобалық зерттеулер, тарих пəні мұғалімдерінің кəсіби біліктілігін көтеру, аттестаттау мәселелері бойынша жан-жақты талданды.