Білім беру жүйесі жаңа өркениетті, бәсекеге қабілетті, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген шәкірт тәрбиелеуге бағытталған. Осы ұстанымды қолдай отырып, 6-наурыз күні лицейіміздің «Зерде» дебат клубына бір жыл толуына орай аймақтық мектептер арасында «ZERDE.CUР I» турнирі оздырылды.
Дебат ол тек зияткерлік ойын емес, ол сыни ойлау дағдылрын қалыптастырып, ақпаратты дұрыс талдауға, командамен бірлесіп жұмыстануға, өз ұстанымын көпшілікке еркін жеткізуге үйрететін білім беру технологиясы. Саяси тақырыптарды жетік меңгеріп, азаматтық көзқарасын ашық білдіре отырып, логикалық ойлау қабілетімен жүзден жүйрік оза шапқан командалар марапатталды. №44 мектеп-гимназиясы 1-орын, №34 мектеп-гимназиясы 2-орын, №41 мектеп-лицейі 3-орынға ие болды. Оқушыларды жасампаздық пен еңбекқорлыққа баулып, ерекше қабілеттерін дамытуға үлес қосқан дебат клубтарына сәттілік, үлкен жетістіктер тілейміз.