8(7112) 22-85-97

«Өнерлі қыз, өнегелі ана» тәрбиелік шара

Мектеп-лицейімізде 8 б сынып оқушыларымен сынып жетекшілері Эльмира Мұхиденовнаның ұйымдастыруымен мерекеге орай «Өнерлі қыз, өнегелі ана» тәрбиелік шарасы өтті.

Шараның мақсаты: Оқушылардың аналарына деген сүйіспеншілігін арттыру, ана еңбегін ардақтап, құрметке көрсетуге, аналарынан үлгі-өнеге ала отырып, ұлттық дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу.

Тәрбиелік шара барысында қыз балалар аналарымен бірге кесте тігіп, сәндік бұйымдар жасап, тамақ пісірсе, ұлдар асық ойын жарысын өткізіп ұлттық дәстүрімізді насихаттады.

Аналарымыз өздерінің өмірлік тәжірибесімен бөлісе отырып, қыздарымызды құрақ көрпенің сырымен таныстырып, қазақта құрақ көрпешені құрақтай болып құралып, көбей деген ниетпен құрайтындығын түсіндіре отырып, үлгі-өнеге көрсетті.

Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға үлгі, әке тәрбиесі ұлға үлгі демекші қыз бала мен анасы арасындағы нәзік байланысты, одан әрі дамыту, ұмыт болған салт - дәстүрімізді жаңғыртып, келешек ұрпақтың бойына сіңіру жолында өткізілген тәрбиелік шара оқушыларға шабыт сыйлады.

Шара соңында оқушылар аналарына құрмет көрсетіп, ән айтып, өлең жолдарын арнап мерекемен құттықтады.