Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, қазақ әдебиетінің ірі өкілі Қадыр Мырза Әлінің өлеңдерін насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, көркемсөз оқу шеберлігін дамыту мақсатында жалпы білім беретін орта мектептерінің 5-11 сынып оқушылары арасында 11 наурыз күні облыстық Х Қадыр оқулары оздырылды.
«Сөзім барда - өзім бар» бөлімі бойынша сөз зергері - Қадыр ақынның шығармаларын нақышына келтіріп, жатқа оқыған мектеп-лицейіміздің 8 «Б» сынып оқушысы Серік Нұрдәулет ІІІ орынды иеленді. Пән мұғалімі: С.У.Нурсапина. Нұрдәулетті және Светлана Утешовнаны жетістіктерімен құттықтаймыз!