2022 жылдың 12 наурыз күні «Оқушылар сарайы» МКҚК-нда белсенді орта мектептерінің (№5, ГЭН, № 37, № 34, № 41, № 42, № 44,№ 46 ) 9-11 сынып оқушылары арасында «Химиялық турнир» ұйымдастырылды.
Химиялық турнирдің мақсаты жасөспірімдердің химия және басқа да жаратылыстану пәндерін саласында жан-жақты тұлғалық дамуына ықпал жасай отырып, пәнге қызығушылығын арттыру. «Химиялық турнир» байқауын өткізу өскелең ұрпақтың ғылыми пәндерге қызығушылығын қалыптастыруға, химиялық эксперимент білімді нақтылауда теория мен тәжірибе арасындағы байланысты жүзеге асырудың маңызды әдісі болып табылады. Осы жарыста 41 мектеп- лицей командасы І дәрежелі дипломмен марапатталды. Команда құрамындағы оқушылар Искакова Аружан, Серік Мадина, Амангелдиева Аяжан. Пән мұғалімі Мукатаева Л.С.
Оқушыларымызды және пән мұғалімі Лиза Сансызбаевнаны құттықтаймыз!