8(7112) 22-85-97

14 наурыз – Көрісу күні мерекесі

Мектеп-лицейімізде "Көрісу күні" мерекесі аталып өтті.

Бұл мерекені қазақ халқы «Амал мерекесі» деп те атайды. Амал - қыстан шыққан елдің бір-бірімен аман-саулық сұрасып, төс қағыстырып, елдің тыныштығы мен бірлігін көрсететін мереке. Бұл күні араздасқан ағайын мен ренжіскен жұрт бәрін ұмытып, бір-біріне кешіріммен қарап, татуласатын күн. Көрісу күнінде жасы кіші үлкенге барып сәлемдесіп, батасын алатын үлкен тәрбиелік мәні зор дәстүр бар. Бұл күні 5а сынып оқушылары ұстаздар мен оқушыларды ыстық ықыласпен қабылдап, бауырсақтарын ұсынды.

Ендеше, береке мен бірліктің мейрамы Көрісу күні құтты болсын! Бір жастарыңызбен!