Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне орай 2022 жылдың 18-наурызында ұлттық тәрбие мен халықтық өнерді насихаттау, тіл мәдениетін қалыптастыру, жыр, терме жанрын жастар арасында кеңінен насихаттау, өңірімізде танылып жүрген жыршы-термешілерді ынталандыру мақсатында "Текті сөздің төресі - терме" атты ЖОББМ арасында қалалық жас термешілер байқауы өтті.
Байқау талаптарында 1 кезең - Ғарифолла Құрманғалиевтің репертуарынан бір шығарма; 2 кезең - үміткерлердің өз қалаулары бойынша бір терме орындау міндеттелді. Байқауға 8а сынып оқушылары Джанназарова Инабат пен Таңбай Еркебұлан қатысып, Алғыс хатпен марапатталды.Жетекшісі: А.А.Турегалиева.
Оқушыларымыздың жеңісі құтты болсын!!!