Орал қаласының білім беру бөлімі 2022 жылдың 17 наурыз күні қазақ халқының төл мәдениеті мен өнерін, салт-дәстүрін дәріптеу, қыз баланың инабаттылығын, парасаттылығын көрсету мақсатында «Көктем аруы-2022» атты қалалық арулар байқауын оздырды.
Ару қыздарымыздың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастырып, ұлттық құндылықтарды қастерлеу, жастар арасында ұлттық салт-дәтүрімізді насихаттау, жас буында патриоттық сезім тәрбиелеу мақсатында «Оқушылар сарайы» МКҚК Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамына орай «Көктем аруы-2022» байқауын ұйымдастырды. Байқауға қауымдас №2 ЖОББМ, №12 ЖОББМ, №19 ЖОББМ, №21 ЖОББМ, №25 ЖОББМ, №26 ЖОББМ, №27 мектеп-лицейі, №30 ЖОББМ, №32 ЖОББМ, №38 мектеп-лицейі, №41 мектеп-лицейі, №44 мектеп-гимназиясы, №45 және ЭБМГ мектептер арасынан 16 ару 4 кезең бойынша өз өнерлерімен сынға түсті.
Бірінші кезең – «Мен қазақтың қызымын» таныстыру.
Екінші кезең – «Шеберлік шыңға жеткізер» қолөнер бұйымдарының сайысы.
Үшінші кезең – «Өнерлі – өрге жүзер» сайысы.
Төртінші кезең – «Ақылына көркі сай...» қазақтың салт-дәстүріне байланысты сұрақтар қойылды.
Байқау қорытындысы бойынша, лицейіміздің «9 А» сынып оқушысы Өтешева Ділназ «Көрермен көзайымы» номинациясына ие болды. Ділназды құттықтай отырып, алдағы уақытта жеңіс пен жетістік тілейміз!