Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне орай ұлттық өнерді сақтау және балаларға ұлттық мәдениет ерекшеліктерін бағалай білуге үйрету, балалар бойына ұлттық-этникалық құндылықтарды сіңіру, ұлттық қолөнерден дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау арқылы білім алушылардың тұлғалық рухани мәдениетін қалыптастыру мақсатында қалалық білім беру ұйымдарының арасында ұйымдастырылған «Қамшы-2022» байқауы өтті.
Мектеп-лицейімізден 8б сынып оқушысы Серік Нұрдаулет қатысып, Алғыс хатпен марапатталды. Қазақ халқының дәстүрін, салтын, өнерін ұлықтаған әр шәкірт кіші буын келер ұрпаққа да үлгі болары хақ. Білім мен өнерді тең ұстаған талапты да талантты оқушыларымыз мектеп-лицейіміздің абыройын асқақтата берсін! Құттықтаймыз!