Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне орай ұлттық дәстүрді дәріптеп, оқушылар бойына қазақ халқының әдет-ғұрпын, мәдениетін, құндылықтарын, өнерін, тарихын сіңіру мақсатында тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.
Сыныпаралық тәрбие сағаттарында, қазақ халқының салт -дәстүрлерінен көріністер көрсетіліп, мақал – мәтел, жұмбақ сайыстары, ұлттық ойындары көрініс тапты. Наурыз мерекесінің шығу тарихы туралы мәліметтер беріліп, халықтың әдет-ғұрпы да насихатталды.
Қазақ төріне келер Жаңа жыл жақсылығымен келіп, ел іргесі берік болсын!