Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай ұлттық өнерді сақтау және ата-бабаларымыздан қалған бай мұрамызды жаңғырту, ұлттық құндылықтарды сіңіру, жас ұрпақты мейірімді, зерделі, арлы боп өсуге баулу, бата беру дәстүрін қазақ халқының ұлттық шығармашылығына насихаттау мақсатында қалалық білім беру бөлімінің ұйымдастырылуымен «Батаменен ел көгерер...» атты бата беру байқауы өтті.
Мектеп-лицейімізден 9г сынып оқушысы Махсот Әлихан және 6ә сыныбы оқушысы Арыстанбекова Дананың ата-анасы Жанна Саматқызы қатысып, Алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі: Қуанышқалиева Г.С. Қызық халқының дәстүрін, салтын, өнерін ұлықтаған әр шәкірт кіші буын келер ұрпаққа да үлгі болары хақ. Білім мен өнерді тең ұстаған талапты да талантты оқушыларымыз мектеп-лицейіміздің абыройын асқақтата берсін! Құттықтаймыз!