8(7112) 22-85-97

Жаратылыстану- математика бағыты бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы

2022 жылдың 24-25 наурыз күндері 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі  жаратылыстану- математика  бағыты (химия, биология, физика, география математика,информатика пәндері ) бойынша өткізілді.

Облыстық олимпиада «бір қатысушы - бір компьютер - бір камера» қағидасына сүйене отырып, оқушылар oqylyq.kz электронды платформасы арқылы тапсырмалар орындады. Білім бәйгесіне мектебімізден биология пәні бойынша Аманжол Дәния қатысып жүлдеді ІІ орын иеленді. Оқушы жұмысы Республикалық кезеңге ұсынылды. Оқушымызды  және пән мұғалімі Жанат Жолдасбаевнаны  жетістіктерімен құттықтаймыз!