2022 жылдың 28-29 наурыз күндері 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша өткізілді.
Облыстық олимпиада «бір қатысушы-бір компьютер бір камера» қағидасына сүйене отырып, оқушылар oqylyq.kz электронды платформасы арқылы тапсырмалар орындалды. Білім бәйгесіне мектебімізден Қазақстан тарихы пәні бойынша Мұрат Камила қатысып жүлдеді ІІ орынды, Құқықтану негіздері пәні бойынша Джанашев Бейбарыс ІІ орынды иеленді. Оқушыларымызды және пән мұғалімі Орынбасарова Эльмира Орынбасаровнаны жетістіктерімен құттықтаймыз!