8(7112) 22-85-97

Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жүлдегерлерін марапаттау

2022 жылдың 23-24 наурыз күндері 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі  жаратылыстану- математика  бағыты (химия, биология, физика, география математика, информатика пәндері ) бойынша, 28-29 наурыз күндері қоғамдық-гуманитарлық бағыты  бойынша өткізілді.

Олимпиадаға мектебімізден 3 оқушы қатысып, үшеуі де жүлделі орынға ие болды. Мектептің сап жиынында жүлделі орын алған оқушыларымызға грамоталары мен медалдары  мектеп әкімшілігі тарапынан  қайта табысталды. Биология пәні бойынша Аманжол Дәния ІІ орын, 11 сынып. Қазақстан тарихы  пәні бойынша Мұрат Камила  ІІ орын 10 сынып,  Құқықтану негіздері пәні бойынша Джанашев Бейбарыс ІІ орын 10 сынып.