4 сәуір күні мәдениеттану апталығының жұмыс жоспарына сай көркем еңбектен 5-6 сыныптар қыздар арасында «Қыз еркем, қылығымен көркем!» тақырыбында сыныптан тыс сайыс өтті.
Мақсаты: оқушыларға қазақтың салт дәстүрін, оқушылардың технология пәнінен алған білімдерін іс - тәжірибемен ұштастыра және толық мағлұмат бере отырып, шығармашылық қабілетін ояту. Сыныптан тыс шараны көркем еңбек пәнінің мұғалімі С.А. Баймурзина өткізді. Сайысқа «Құрақшылар», «Тоқымашылар» тобы қатынасты.
Сайыс шарттары 4 кезеңнен тұрды:
1. «Таныстыру» (әр топтың басшысы өз тобымен таныстырды ) (4 минут)
2. «Күшіңе сенбе, ісіңе сен» сарамандық кезеңде 5 сыныптың қыздары құдық құрағын іс-машинасымен тігіп, 6 сынып қыздары ілмек және тоқыма жіппен «Әженің шаршы өрнегін» тоқыды 20 минут)
3. «Сұрақ - жауап» (кім көп біледі) (7 минут). Осындай біздің шебер, іскер және қиыннан қиыстырар тапқыр оқушылар бұйымдарын қорғады.
Жеңімпаз топ анықталды.