5 сәуір күні мәдениеттану апталығында көркем еңбектен 7-10 сыныптар қыздар арасында «Қазақтың заманауи оюы бар киім үлгілерін салу» тақырыбында сыныптан тыс сайыс өтті.
Сыныптан тыс шараның мақсаты: Мәңгілік ел болу үшін ұлттық, салт дәстүрлерімізді дәріптеу, атадан балаға мұра етіп қалдыру,салт-дәстүрімізбен ұлттық киімімізді дәріптеу,жаңғырту. Ұлттық киімдердің шығу тарихын және түрлерін оқыта отырып,оқушылардың ұлттық, киімге деген ой қиялын дамыту және ұлттық киімдерді заманауи түрде сәндеу, модельдеу, әрлеу және ою-өрнектерін әшекейлеп дамыта оқыту.
Кезеңдері. 1. Сәлемдесу 2. Сурет салу кезеңі. 3.Бағалау.
Оқушылар А4 форматына түрлі түсті бояуларды пайдаланып өз ойларынан қазақтың заманауи оюы бар киім үлгілерін салды.
Өнер - құдірет, күш, адамның жан серігі, рухани байлығы. Кез келген озып шықпайды, талапты, өнерлі оқушы жарқырап біріншілікке шығады.