7 сәуір күні мәдениеттану апталығында көркем еңбектен 7 сынып оқушысы Калибекова Айым «Шоперге сурет салу технологиясы» тақырыбында шебер сынып көрсетті.
Мақсаты: Өлшеу, пішу, кесу мен тігу жолдары туралы біліктілігін арттыру. Тігіс тігу кезінде дағдыны қалыптастыру. Бұйымды өз бетінше орындауға оқушыға мүмкіндік беру. Оқушының өз бетінше жұмыс жасауға еріктілігін, өз күшіне сенімін, еңбек мәдениетін дұрыс ұйымдастыру дағдысын қалыптастыру. Оқушыларға алдын ала болжауға, қиындықты жеңуге ұқыптылыққа, үнемділікке тәрбиелеу.
Айым шебер сыныпта оқушыларға шоперге сурет салу технологиясымен бөлісті. Матаға арналған бояулармен, оларға тән қасиеттермен таныстырды, қылқаламмен дұрыс жұмыс істеу, матаға бояуды дұрыс пайдалану дағдыларын, сурет салуға құштарлықтарын арттырып, бос уақыттарын тиімді, қызықты етіп өткізуге болатындығына көз жеткізді.