8 сәуір күні ХХІІ қалалық Абай оқулары байқауы өткізілді. Мақсаты қазақ халқынының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Абай оқуларының негізгі міндеттері мектеп оқушыларының Абай, Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезімін, мәдениетін насихаттау, ұлылар поэзиясына, рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Абай оқулары 6 номинация бойынша өткізілді
«Абайдың қара сөздер» номинациясы бойынша мектебіміздің 10 сынып оқушысы Жарасбаева Салтанат І орын (пән мұғалімі Беккужиева С.А.), «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша Сағынтаева Аида бас жүлде (пән мұғалімі Беккужиева С.А.), «Ұлылар әлемі» номинациясы Абай мен Шәкәрім еңбектеріне эссе жазу бойынша Абай Әлішер (пән мұғалімі Куанышкалиева Г.Е.) алғыс хатпен марапатталды. Оқушыларымызды және пән мұғалімі Беккужиева Светлана Адилхановнаны және Куанышкалиева Гулдария Ермековнаны жетістіктерімен құттықтаймыз!