8(7112) 22-85-97

«Киіз басудың жаңа технологиясы» (жүнмен суретті бейнелеу) 6-8 сынып қыздарынан шеберлік сыныбы

8 сәуір күні мәдениеттану апталығы аясында көркем еңбектен 6- 8 сыныптар қыздар арасында «Киіз басудың жаңа технологиясы» (жүнмен суретті бейнелеу) шеберлік сыныбын көрсетті.

Мақсаты: Халқымыздың қолөнер қазынасы - осы киіз туралы түсінік беру, білімдерін дамыту, құрғақ және дымқыл киіз басудың жаңа технологиясымен танысу; жүнді киіз басу техникасында панноны өздігімен дайындауды үйрету. Шеберлік сыныбы жоғары дәрежеде өтті, оқушылар мен мектеп педагогтері қызығушылық танытты. Қазіргі кезде жартылай ұмыт болған киіз басу қол өнері соңғы он жылда сән индустриясында өрлеп келеді.

Киіз басу жолдарын 8 сынып оқушылары Хайруллина Алина, Ойрат Ақнұр. Құрғақ жүнмен жұмыс, пано жасауды 7 сынып оқушылары Бітімәлі Бақытгүл . Басылған дайын киізге сырмақ тігуді 6 сынып оқушысы Берік Нұрай, Қайыржанова Аянат көрсетті.