8(7112) 22-85-97

«Би - мәдениет биіктігі, талғам таразысы» атты сыныптан тыс кездесу кешін өткізді

Сыныптан тыс шараның мақсаты: Би қимылдарын үйрету арқылы ұлттық өнерді, салт-дәстүрді есте сақтау, сахна мәдениетіне, дене сымбаттылығына үйрету, оқушыларға эстетикалық тәрбие беру

Сыныптан тыс шараны хореография пәні мұғалімі А.А Рахметова ұйымдастырды. Шара мектебіміздің «Балауса» би тобының мүшелері 5-11 сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Сыныптан тыс кездесу кешіне М.Өтемісұлы атындағы БҚУ - нің « Театрлық - хореографиялық өнер және кітапханатану» меңгерушісі, өнертану ғылымдарының кандидаты, доцент Айтқалиева Қарлығаш Дайырғалиқызы және БҚУ жанынан құрылған «Арна» би ансамблі мүшелері қатынасты. «Арна» би ансамблі мүшелері өнерлерін көрсетіп, тәжірибелерімен бөлісті.