7 сәуір күні мәдениеттану пәні апталығының ашылуына орай музыка пәнінен Қазақстан халқының музыкасы (славян халықтары) ашық сабағы оздырылды.Орыс,украин халықтарының әндері шырқалып ойындары,ұлттық аспаптары көрсетіліп таныстырылды.Сабақ бойынша оқушылар сұрақтарға жауап беріп, жылы лебіздерін жазбаша жеткізсе, әндер мен дауыс жаттығуларын жарыса орындап үлкен қызығушылықпен қатысты.
«Қазақстан халқының музыкасы»тақырыбында 5ә сыныбына ашық сабақ өтті.Славян халықтарының ұлттық өнері,музыкалық аспаптарымен танысу.Әлем халықтарының аспаптары әндерін үйрену мақсатында Қазақстан жері кең-байтақ.Жеріміз қандай кең болса,халқымыздың жүрегі де,көңілі де сондай кең. Қиын қыстау кезеңдерде елімізге келіп шоғырланған ұлттар туралы әңгімелей келе музыкасын мәдениетін «Жібек жолы-Қазақстан»(виртуалды саяхат ойыны) арқылы елдерге саяхат жасаумен басталды. «Жеті нота», «Аспап үніне қосыл», «Әуенді тап» бөлімдері бойынша оқушылар сабаққа жоғары қызығушылықпен қатысты. Сабақта ән үйрену кезінде А.Жұбановтың «Ақ көгершін»,орыс халық әні «Во поле береза стояла»әндері орындалды. Шулы аспаптар үнін ажыратып,әуенге қосылып орындады.Сабақ соңы халықтар достығы «Казахстан»әні шырқалып, оқушылар жоғары көңіл күймен сабақты аяқтады.