8(7112) 22-85-97

«Bilim HIGH» телевизиялық жобасының қалалық кезеңі

2022 жылдың 13 сәуір күні «Оқушылар сарайы» базасында оқушылардың танымдық белсенділігін, зияткерлік деңгейін дамытуға негізделген «Bilim HIGH» телевизиялық жобасының қалалық кезеңі өтті. Білім бәйгесіне барлығы 9 команда 36 оқушы қатысып, өз бақтарын сынады. Ереже бойынша жеңімпаз команда облыстық кезеңіне жолдама алады.

«Bilim HIGH» телевизиялық жобасының қалалық кезеңі 3 іріктеу турынан тұрды: 1.Білім марафоны (Сұрақ-жауп), 2.Аламан (ұяшықтар таңдау арқылы ұпай жинау), 3.Бәйге (механизм ұсыну). Өздерінің білім ошақтары үшін табандылық көрсете отырып, мектеп бағдарламасынан бөлек оқушылардың зияткерлік ұшқырлығын шыңдайтын сайысқа бақ сынасып түскен №45 ЖОББМ, №27 МЛ, №30 ЖОББМ, №22 ЖОББМ, №44 МГ, №40 ЖОББМ, №37 ЖОББМ, №47 ЖОББМ мектеп командалары ұшқыр ой мен зеректігімен ерекшеленді. Ойын қорытындысы бойынша  лицейіміздің шәкірттері «Жаңа толқын»  командысын құрып үздіктердің үздігі атанды. Адилова Аружан, Аманжол Айым, Кенжегужина Асем 10-сынып оқушылары мен 9-сыныптан Өтешева Ділназды жеңіспен құттықтай отырып, облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!