2022 жылдың 14 сәуірінде ақын, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Ахмет – ұлт ұстазы» тақырыбында қалалық эссе байқауы өтті.
Ұлт ұстазының шығармаларын насихаттау, пән мұғалімдерінің кәсіби шеберлігінің өсуіне ықпал ету арқылы шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерді қолдау, үздік эсселерді анықтау мақсатында «Ахмет – ұлт ұстазы» тақырыбында қалалық эссе байқауы оздырылды. Қазылар алқасының шешімі бойынша №41 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Беккужиева Светлана Адилхановна Бас жүлдеге ие болды. Пән мұғалімін жетістігімен құттықтай отырып, облыстық кезеңде де жақсы нәтижеге қол жеткізуіне тілектеспіз!