8(7112) 22-85-97

«Жаратылыстану - өмір тану, табиғаттың сырын табу» пән апталығының ашылуы

18 сәуір күні химия, биология және география пәні апталығының ашылу салтанаты өткізілді. Мектептің сап жиынында тақырыпқа сай география пәні бойынша жер шарына саяхат, биология пәні бойынша адамның дене мүшелеріне сипаттама, химия пәні бойынша қызықты тәжірибелер көрсетіліп, оқушылар  тобы өз биімен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Апталықтың  барысында оқушылардың зерттеушілік ойлау қабілеттерін дамытып, химия, биология, география пәндерінен алған білімдерін өмірде қолдану үшін «Ақылды үзіліс» - қоңырауды тиімді пайдалану мақсатында әр пән бойынша зияткерлік шаралар, мәдени – танымдық акциялар, виртуалды зертханалар мен саяхаттар бастау алды. Бірлестік жетекшісі Н.Боранбайқызы апталық жоспарын таныстырып өтті.