«Жаратылыстану - өмір тану, табиғаттың сырын табу» пән апталығы
19 сәуір күні оқушылардың зерттеушілік ойлау қабілеттерін дамытып, биология пәнінен алған білімдерін өмірде қолдану үшін «Ақылды үзіліс» - қоңырауды тиімді пайдалану мақсатында “Биология-тіршіліктің бастауы” тақырыбында 10 “ә” - сынып оқушыларының бастамасымен пән бойынша зияткерлік шаралар оздырылды.
Тірі табиғат бұрышы аясында оқушылар өздерінің үй жағдайында өсіріп жатқан жануарларын әкеліп, олардың ерекшеліктері және күту жолдарымен бөлісті.
Сонымен қатар, “Бір сынып-бір гүл” акциясы бастау алды. Бұл акция апта бойына жалғасын таба бермек.
Мектеп-лицейіміздің шәкірттерін жаратылыстану пәндері апталығына белсенділікпен қатысуға шақырамыз!