8(7112) 22-85-97

“Жаратылыстану-өмір тану, табиғаттың сырын табу” атты апталық аясында биология пәні бойынша сыныптан тыс шара

19 сәуір күні биология пәні бойынша 5-6-сынып оқушылары арасында  “Табиғаттың құпиясы тұңғиық…” тақырыбында сыныптан тыс шара өтті.  Оқушылардың ойлау көкжиегін кеңейту мақсатында, сабақта алған сапалы білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету үшін сыныптан тыс шараны   “Оқушылар сарайы” МКҚК бірлесе отырып өткізілді.

Шара барысында “Оқушылар сарайында” орналасқан гүлзарға топтық серуен ұйымдастырылды.

Оқушылар гүлзарда орналасқан гүлдердің түрлерімен, олардың күту жолдарымен танысты. Сонымен қатар, жетекшінің көмегімен гүлдерді құмыраларға отырғызып көрді.

Сыныптан тыс шара барысында оқушылар өздері үшін көп мағлұмат алып, білімдерін одан әрі шыңдай түсті.