8(7112) 22-85-97

«OSCAR PARTY» кинофестиваль байқауы

Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін айта келе, жаңа кірген Барыс жылын "Балалар жылы" деп жариялады. Балалар жылы қарсаңында мектеп-лицейіміздің басымдыққа алған негізгі іс-шаралар жоспары құрылды.

16 сәуір күні оқушының арманы мен қиялынан туындаған, өз көзқарастарын шынайы деп таныған туындыларын тануға зор мүмкіндік тудыратын «OSCAR PARTY» кино фестиваль байқауы өткізілді. Кинофестивальде 6-7 сынып оқушылары үшін «Достық», 8-10 сынып оқушылары үшін «Әке мен бала проблемасы» атты тақырыптары қамтылды. Байқау қорытындысында төмендегідей жеңімпаздар анықталды.

«Үздік фильм» номинациясы - 6ә және 9 ә,б сынып оқушылар құрамасы.

«Үздік сценарий» номинациясы – 10а сынып оқушылары.

«Үздік қыз рөлі» номинациясы – 6ә сынып оқушысы Нұрбекқызы А, 10а сынып оқушысы Куспанова А.

«Үздік ер рөлі» номинациясы – 8а сынып оқушысы Мереке Нұрдәулет.

«Үздік монтаж» номинациясы – 8а,б сынып оқушылары.