5б, 6в сынып жетекшілері Сулейменова Г.Ғ мен Курмашева Г.М «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» тақырыбындағы сынып сағатын өткізді. Мақсаты: Оқушыларға дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру, салауатты өмір салтын ұстанымын дәріптеу.
Сынып сағатында тамақтың құнарлылығы мен сапасы, адам денсаулығына пайдасы туралы слайдтар көрсетілді. Сынып сағаты барысында сүт, ет, тағамдарының құрамы, құнарлылығына тоқталып, бүгінгі күні жасөспірімдер арсында көп тұтынатын фастфуд, газдалған сусындардың адам денсаулығына зияны туралы мәліметтер берілді. Сонымен қатар сынып сағатында қызықты ойын түрлері енгізіліп, рефлексия жасалды. Сабаққа барлық оқушы атсалыса қатысып, сабақтың ерекше, әрі қызықты өтуіне үлестерін қосты.