2022 жылдың 20 сәуірінде химия пәні бойынша «World of chemistry» үзілістегі зияткерлік шарасы мен «Лаборатория Z» виртуалды зертханалар топтамасы 5 – 11 сынып оқушылары арасында оздырылды.
«Ақылды үзіліс» қоңырауын тиімді пайдалану мақсатында «World of chemistry» үзілістегі зияткерлік шарасы мен «Лаборатория Z» виртуалды зертханалар топтамасы 5 – 11 сынып оқушылары арасында мектеп дәлізінде оздырылды. Мақсаты: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, ғылыми зерттеу жұмыстарына дағдыландыру. Жоғары сынып оқушылары қызықты химиялық тәжірибелерді көрсете отырып, жүрген процестерді орта буын сынып оқушыларына түсінікті тілде талдап берді. Сонымен қатар оқушылар өмірде жиі қолданатын заттар молекулаларының шар өзекті модельдерін құрастырды.