Мақсаты: Жерлес ақын Тайыр Жараковтың өмірі, шығармашылығын оқырман қауымға насихаттау.
Кітапханалық акция барысында «Заңғар» қауымдастығының кітапханашылары Т.Жароковтың «Құмдағы лашық» өлеңімен ашты. Жерлес ақын Т.Жароковтың өмір жолы слайд арқылы таныстырылды. №42 мектептің оқырмандары ақын шығармашылығын насихаттаса, әр мектептен қатысқан оқушылар,
«Қазыналы Қазақстан» - Қуанғали Айлана 5 сынып №2 мектеп,
«Көктем - Берікова Бегімай 6 сынып. №34 мектеп гимназиясы,
«Маметова» - Рахметолла Нұрәлі 8 сынып №29 мектеп,
«Мәдениет ошағы» - Батыр Жарқын 9 сынып. №14 мектеп,
«Еңбек дабылы» - Өмірзақ Мирас 9 сынып. № 14 мектеп,
Тұтқын - Ғабидулла Жанзере , Серік Дильназ 7 сынып. №41 мектеп оқырмандары ақын өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқыды. Т.Жароковтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Заңғар жазушы» кітап көрмесімен №41 мектеп кітапханашысы А. Қабдрешқызы таныстырып, библиографиялық шолу жүргізді. Т. Жароков «Зоя туралы жыр» бейнеролик көрсетіліп, оқырмандар домбыра, қобыз аспаптарында күй орындап, көрерменге жақсы көңіл-күй сыйлады. Шара соңы жерлес ақынның
Көрдің бе? Орал қырларын,
Жері қандай жап-жазық!
Бір жағында құм Нарын,
Бір жағында Ақжайық!-деп мақтана еске алатын өлеңімен қортындыланды.