8(7112) 22-85-97

Балалар жылы қарсаңында 41 мектеп-лицейінің 5 сынып ата -аналарының арасында  «Отбасы -отанымыздың ошағы" атты көңілді сөре жарысы оздырылды.

Мақсаты: Ата-аналардың мектеппен байланысын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау. Оқушыларға қолдау таныту арқылы балалардың бойларына  төзімділік, жылдамдық, ептілік қабілеттерін дамыту. Ойын барысы кезінде оқушылардың бір-біріне деген сыйластығын, әділ көзқарастарын, достық ортасын қалыптастыру.

41 мектеп-лицейінің 7-8 сынып оқушыларының арасында Қала күні мерекесіне орай "Менің сүйікті Оралым" акциясы ұйымдастырылды.
Мақсаты: Туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, қала тарихын меңгертіп, мәдениет ошақтарын насихаттау. Еліміздің, қаламыздың, туған жеріміздің көркеюіне үлес қосу, елді мекеніміздің табиғатына экологиялық қолдау мен қорғаудың қажеттілігін түсіндіру.