«Түлек 2022 - жаңа Қазақстанның ертеңі» тақырыбында мектеп түлектеріне жалпы орта білім туралы аттестат тапсыру салтанатты кеші өтті. Мектеп бітіру кешінің мақсаты – мектеп дәстүрлерінің сабақтастығын сақтау, патриотизмді және әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру, педагогтарға, ата-аналарға, мектептегі достарына алғыс сезімін, туған мектебіне құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру.
2021-2022 оқу жылында 11-сынып бойынша 22 шәкірт жалпы орта білімді аяқтап отыр. 2 оқушымыз «Алтын белгі» иегері, 2 оқушымыз «Үздік аттестат» иегері атанды. «Алтын белгі» иегерлері: Қадырболат Ринат, Сағынғали Баянсұлу. «Үздік аттестат» иегерлері:Серік Назерке, Аманжол Дәния.