1 наурыз күні информатика пәні мұғалімі Л.А. Кожахметова 10 - сынып оқушыларының қатысуымен жаңа идеяларды ұсыну шарасын өткізді.
1 наурыз күні информатика пәні мұғалімі Л.А. Кожахметова 10 - сынып оқушыларының қатысуымен жаңа идеяларды ұсыну шарасын өткізді.
1-наурыз Алғыс айту күніне орай 5а, 7б сыныптарында әдептілік сабағы өтті. Мақсаты: Білім алушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу .
Шуақты көктемнің алғашқы күні – алғыс айту мерекесі. Бір-бірімізге алғыс айту арқылы әрқайсысымыз жанымызда жүрген жақсы жандарға қуаныш сыйлаймыз. Әрі бір-бірімізге деген сый-құрметтің одан әрі артуына ықпал етеміз. Шуақты көктеммен бірге жеткен мерейлі мерекенің алғыстан басталуы, жақсылық пен ізгі ниеттің, ақжарма тілектің адам көңіліне жылу сыйлайтыны көңіл қуантады.