Сынып сағаттарының мақсаты баланың бойына адамдармен қарым-қатынаста достаса білу, өзара келісімге келу, түсінісу, тіл табысу, кешірімді, кішіпейіл, көпшіл бола білу, көңіл күйін басқара алу қасиеттерін қалыптастыру. Сонымен қатар, қамқорлық жасай білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.