26-шы желтоқсан күні жаңа жыл қарсаңында мектеп-лицейімізде әлеуметтік көмекті қажет ететін және көп балалы отбасыларға арналған қайырымдылық акциясы өткізілді.
26-шы желтоқсан күні жаңа жыл қарсаңында мектеп-лицейімізде әлеуметтік көмекті қажет ететін және көп балалы отбасыларға арналған қайырымдылық акциясы өткізілді.
Президент шыршасы өтті.Қаламызда «Қош келдің, жаңа жыл-жаңа белес, жаңа арман!» атты Қазақстан Республикасы президенті атынан жаңа жылдық шыршасы ұйымдастырылды. Оған мектебімізден көп балалы отбасындағы 8 «б» сынып оқушысы Асқар Ғалымбек қатысты. Жаңа жылдық шыршаға облыс әкімі Н.Төреғалиев қатысып, Мемлекет басшысының бүлдіршіндерге арналған жаңа жылдық тілектерін жеткізді. Жаңа жылдық шыршаға қатысушыларға әрқайсысына ақшалай сертификат (1 балаға 80 000 тг), оқушыларға арналған сөмке, кітаптар және тәтті сыйлық табысталып, тәтті дастархан ұйымдастырылды.
“Өшпес ерлік - ұрпаққа мұра“ Б. Момышұлының туғанына 112 жыл толуына арналған Қалалық әскери патриоттық және ұлттық ойындар сайысында “Ақжайық сарбаздары“ әскери - патриоттық клубы командалық есеп 1- орын иегері атанып келді.