8(7112) 22-85-97

Салауатты өмір салтын қалыптастыру және дұрыс тамақтануды насихаттауға №5 қалалық емхана дәрігері 5-6 сынып оқушыларына Кужагельдина Лаззат Матниязовна «Қалай дұрыс тамақтану керек?» туралы лекция оқыды. Әлеуметтік педагог Жарасова А.Х. «Дұрыс тамақтану мәдениеті» жайында оқушыларға бейнеролик көрсетті.
Мақсаты: оқушылардың өз пікірлерін тыңдай отырып, қосымша мәліметтер бере отырып денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту.

Мектептің әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес оқушылардың оқу-танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, оқушыларды аймақтық және облыстық олимпиадаларға қатыстыруға іріктеу және дайындықтарын пысықтау мақсатында 7-11 қараша аралығында мектепішілік олимпиада өтті. 14 қараша күні жеңімпаз оқушылар марапатталды.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру және дұрыс тамақтануды насихаттауға арналаған «Тамақтану оқушылар көзімен», «Тамақтану мәдениеті» аясында 5-10 сынып оқушылар арасында сауалнама өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың өз пікірлерін тыңдай отырып, қосымша мәліметтер бере отырып денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту. Уақытылы және сапалы тамақтандырумен қамтамасыз ету.