2021 – 2022 оқу жылы бойынша қала мектептерінің «Мектепті басқарудағы инновациялық менеджмент» мониторингісінің қорытындысы жарияланып,#41 мектеп-лицейі ІІ орын иеленді.
2021 – 2022 оқу жылы бойынша қала мектептерінің «Мектепті басқарудағы инновациялық менеджмент» мониторингісінің қорытындысы жарияланып,#41 мектеп-лицейі ІІ орын иеленді.
«Түлек 2022 - жаңа Қазақстанның ертеңі» тақырыбында мектеп түлектеріне жалпы орта білім туралы аттестат тапсыру салтанатты кеші өтті. Мектеп бітіру кешінің мақсаты – мектеп дәстүрлерінің сабақтастығын сақтау, патриотизмді және әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру, педагогтарға, ата-аналарға, мектептегі достарына алғыс сезімін, туған мектебіне құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру.
2021-2022 оқу жылында 11-сынып бойынша 22 шәкірт жалпы орта білімді аяқтап отыр. 2 оқушымыз «Алтын белгі» иегері, 2 оқушымыз «Үздік аттестат» иегері атанды. «Алтын белгі» иегерлері: Қадырболат Ринат, Сағынғали Баянсұлу. «Үздік аттестат» иегерлері:Серік Назерке, Аманжол Дәния.
Бүгін мектеп-лицейімізде 9-сынып оқушыларына негізгі орта білім туралы аттестат табыстау рәсімі өткізілді. 2021-2022 оқу жылында 9-сынып бойынша 71 шәкірт негізгі орта білімді аяқтап отыр. 12 оқушымыз «Үздік» аттестат иегерлері атанды. Олар: Абай Әлішер, Өтешева Ділназ, Бейбіт Айнель, Қалымбет Дильназ, Шынболатова Зарина, Искакова Аружан, Каирова Айбибі, Сагынтаева Ранида, Траисова Асем, Амангелдиева Аяжан, Найзабек Айшабибі, Мақсот Ақтоты.